Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
20___ жылғы «___» _______
№____ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
4-4-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Күзет қызметін бақылау комитеті туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің мақсаты, құқықтары мен міндеттері
1) күзет қызметі және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы салаларында полиция департаменттерінің күзет қызметін бақылау бөліністерінің (бұдан әрі – КҚБб, КҚБт) жұмысын үйлестіру;
2) күзет қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылауды ұйымдастыру;
4) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді және жеке тұлғаларды,
сондай-ақ күзетілуі 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына, 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына (бұдан әрі – Вена конвенциясы) және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ІІМ-ге жыл сайын ұсынатын тізбеге сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілерді күзету бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылау және қызметті үйлестіру;
5) күзет қызметі субъектілерінің, күзетшілерді даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың заңнаманы сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) ІІМ бөліністері мен басқа да мемлекеттік органдар арасындағы күзет қызметін және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жүзеге асыру мәселелерінде өзара іс-қимыл жасасуды үйлестіру;
7) терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың техникалық нығайтылуын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, заңды тұлғалардың әкімшілігімен және күзетілетін объектілердің лауазымды адамдарымен өзара
іс-қимыл жасау;
8) күзет қызметі саласында цифрландыруды енгізу және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
9) Комитетті және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
10) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді ұстауға бөлінген бюджет қаражатын игеру бойынша жұмысты ұйымдастыру, ақылы негізде көрсетілетін күзет қызметтерінен республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне қаражаттың түсуін талдау;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
1) күзет қызметін бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді;
2) Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің келісімі бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіреді;
3) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп терроризмге қарсы қорғалуға, оның ішінде профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға, террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуға, терроризмге қарсы қорғалудың үлгілік паспортын және террористік тұрғыдан осал объектінің инженерлік-техникалық жабдығын әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды әзірлейді және өзектендіреді;
4) жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын әзірлейді;
5) күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;
6) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарын әзірлейді;
7) бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін және талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жылдық кестесін әзірлейді;
8) Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын әзірлейді;
9) Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді;
10) жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп тәртібін әзірлейді;
11) жеке күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісін әзірлейді;
12) күзет қызметі субъектілерінің жұмыскерлерінің пайдалануы үшін арнайы құралдардың тізбесін әзірлейді;
13) жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің санының нормативін әзірлейді;
14) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық күзет қызметін бақылау бөліністеріне кәсіпкерлік субъектілерінің есептілікті ұсыну нысанын әзірлейді;
15) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының күзет қызметін бақылау бөліністері пайдаланатын есептілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
16) күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиялардың (қолданыста бар) тізілімін жүргізеді;
17) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу үшін хабарлама берген (қолданыста бар) субъектілердің тізілімін жүргізеді;
18) күзет қызметімен, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын барлық субъектілерді бірыңғай есепке алуды жүзеге асырады;
19) есепті кезеңдегі ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің күзет қызметі саласындағы қызметтік жұмысының нәтижелері туралы мәліметтерді (есептілікті) жинауды және талдауды жүзеге асырады;
20) өз құзыреті шегінде аумақтық ішкі істер органдарының күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторингтеуді және бағалауды жүзеге асырады;
21) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ жанындағы аккредиттелген ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
22) құзыреті шегінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;
23) өз қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
24) заңды тұлғаларға күзет қызметімен айналысу құқығына лицензиялар беруді ұйымдастырады және бақылайды;
25) заңнамаға сәйкес уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарын айқындауы бойынша екінші санаттағы рұқсаттар беруді жүргізеді;
26) министрлік басшылығына талдамалық және ақпараттық-анықтамалық материалдарды және террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша мәліметтерді жинауды, талдауды, дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады;
27) уәкілетті органдарда кейіннен қарау үшін Экстремизмге қарсы
іс-қимыл департаментімен келісілген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды талдайды және оларды енгізеді;
28) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын (меншік иелерін) терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету және оларға сеніп тапсырылған объектілердің тиісті қауіпсіздік деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тарту бойынша құқық қолдану практикасын талдайды;
29) Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің персоналы үшін террористік қатерлерден осы объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
30) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуде өңірлік терроризмге қарсы комиссияларға әдістемелік көмек көрсетеді;
31) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен (меншік иелерімен) осы объектілерді қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
32) Терроризмге қарсы операцияны жүргізудің ведомствоаралық жоспарын әзірлеуге қатысады;
33) күзет қызметі саласында заңға тәуелді басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
34) Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қызметінің басым бағыттарын айқындайды;
35) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің және жеке тұлғалардың, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлейді;
36) Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызмет атқаруын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
37) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және мүдделі мемлекеттік органдардың объектішілік және өткізу режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларын бекіту бойынша бірлескен бұйрықтарды қарайды және келісуге енгізеді;
38) Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жетілдіреді, олардың жұмысына озық тәжірибенің практикалық жетістіктерін, ғылым мен техника жетістіктерін енгізеді;
39) Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің жұмысын мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді және жеке тұлғаларды, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілерді күзету бойынша жұмысты бақылайды;
40) Аумақтық ІІО-мен бірлесіп, Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелер күзететін объектілерде және полиция жасақшаларының патрульдеу бағыттарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
41) күзетілетін объектілердің техникалық нығайтылуы бойынша және мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің және жеке тұлғалардың, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілердің күзетін ұйымдастыру мәселелері бойынша талдау жұмысын жүргізеді;
42) талдау негізінде мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді және жеке тұлғаларды, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілерді күзетуді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және оларды ІІМ басшылығына ұсынады;
43) Комитет қызметкерлері қызметтік және шетелдік іссапарларға мынадай мақсаттарда шығады:
– практикалық және әдістемелік көмек көрсете отырып, Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметтік жұмысының ұйымдастырылуын тексеру;
– мемлекеттік күзетке қабылдау мәселесін қарау үшін мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын зерделеу;
– қажетті күзет бекетін анықтау үшін мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің, сондай-ақ күзетілуі Вена конвенциясына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес болу мемлекетіне жүктелген объектілердің түгендеуін жүргізу;
– мемлекеттік органдар өткізетін командалық-штабтық оқу-жаттығуларға, сондай-ақ арнайы жедел жоспарлар бойынша оқу-жаттығуларға қатысу үшін;
– Комитет қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің дағдарыстық жағдайлар қатері және туындаған кездегі іс-қимылдарға жедел-қызметтік дайындық деңгейін бағалау бойынша қорытынды, нысаналы, кенеттен тексерулерді жүзеге асыру;
44) ақпаратты жинауды және талдауды, күзетілетін объектілердегі жедел жағдайдың мониторингін ұйымдастырады;
45) дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде жеке құрамның және берілген күштердің іс-қимылдары жөніндегі арнайы жедел жоспарларды әзірлейді;
46) күзет қызметін іске асыру кезінде ІІМ, аумақтық ішкі істер органдарының бөліністері мен қызметтерінің іс-қимылдарының келісімділігін қамтамасыз етеді;
47) ІІМ бөліністері арасында қызметтік ақпаратпен, есептермен және талдамалық материалдармен алмасады;
48) күзет қызметі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;
49) күзет қызметінің өзекті мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестер, дөңгелек үстелдер және жұмыс топтарын өткізеді;
50) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады;
51) Комитеттің жұмыс бағыты бойынша ақпараттық және ақпараттық-талдамалық жүйелерді құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
52) Мемлекеттік құпиялардың қорғалуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықтарының талаптарының орындалуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді;
53) қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етеді және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерден республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін қаражаттың түсуіне талдау жүргізеді;
54) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ІІМ-нің халықаралық ынтымақтастық жоспарларына сәйкес Комитеттің және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарына, арнайы жиындарға және кәсіби оқытудың өзге де нысандарына, сондай-ақ халықаралық курстарға және біліктілікті арттыру бағдарламаларына жібереді;
55) қойылған міндеттерді полиция қызметкерлері табысты орындау үшін тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша Комитеттің және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің жеке құрамымен идеологиялық және имидждік жұмысты, сондай-ақ профилактикалық жұмысты өткізуді ұйымдастырады;
56) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің ережелерін және басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді, Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде тиісті лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуі мен бекітілуін, сондай-ақ оларды жеке құраммен зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;
57) өз құзыреті шегінде күзет қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;
58) Комитет мүдделерін соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда қорғауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді, сондай-ақ бұл жұмысты Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде үйлестіреді;
59) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
60) өз құзыреті шегінде Комитеттің қызметтік жұмысына қатысты ведомстволық құқықтық актілерді шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
61) мемлекеттік сатып алу рәсімін бақылауды жүзеге асырады, Комитеттің және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін бекітілген тиесілік нормаларына сәйкес нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етеді, сатып алынатын жылжымайтын мүлікке, автокөліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен уақтылы хат алмасуды қамтамасыз етеді;
62) Комитет теңгерімінде тұрған қаруды, оқ-дәрілерді, мүлікті және материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді;
63) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қойылған міндеттер шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) Комитеттің мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күзет қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіреді;
2) құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратады, алады және тиісті жауаптар ұсынады;
3) меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларынан немесе өзге де лауазымды адамдарынан «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптардың орындалуы туралы мәліметтерді сұратады;
4) күзет қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) жетекшілік ететін мәселелер бойынша барлық құжаттармен және материалдармен танысады, олардың орындалуы туралы қажетті ақпарат алады;
6) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ІІМ бөліністері мен қызметтері, ІІО аумақтық бөліністерінің басшылығы және ІІМ қарамағындағы ұйымдар орындауы міндетті нұсқаулар береді;
7) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде Сыртқы істер министрлігінің және ІІМ басшылығының келісімі бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
8) күзет қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссиялар мен жұмыс топтарын құру, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдіктерді тарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
9) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді құру, қайта ұйымдастыру, қайта орналастыру және тарату туралы ұсыныстар әзірлейді;
10) Комитетті және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
11) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан берілген мемлекеттік құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ олар құпиялаған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарына, арнайы жиындарға және кәсіби оқытудың өзге де нысандарына, сондай-ақ халықаралық курстарға және біліктілікті арттыру бағдарламаларына оларды жіберуді арқылы Комитет және Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырады;
13) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады;
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі
оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
Комитетке басшылық етуді Комитет төрағасы жүзеге асырады,
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату