
Қараша айының басында Құрық портында жылына 1 миллион тонна астықты өңдеуге қабілетті жаңа терминал іске қосылып, алғашқы айда Иранға 2 800 тонна арпа жөнелтіп үлгерді. Сондай-ақ, биыл алғашқы он айда Құрық паром кешені арқылы жүк тасымалдау көлемі 22%-ға артып, 23 134 бірлікті құрады📊
Құрық порты елдің транзиттік әлеуетін нығайтып, Қазақстанның көлік инфрақұрылымына айтарлықтай үлес қосып, қарқынды дамып келеді.