Қазақстанда мереке қарсаңындағы пойыз билеттерінің бағасы өзгермейді

Қазақстанда мереке қарсаңындағы пойыз билеттерінің бағасы өзгермейді

Қазақстанда мереке қарсаңындағы пойыз билеттерінің бағасы өзгермейді

 

Биыл Қазақстанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ қысқы мерекелер қарсаңында қосымша пойыздарды енгізді. Пойыз билеттерінің бағасы өзгеріссіз қалады деп хабарлайды, Теміржол және су көлігі комитеті.

Ұлттық тасымалдаушы Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Астана-Алматы», «Астана - Шымкент», «Ақтөбе - Астана» бағыттары бойынша қосымша 3 пойыз жөнелтеді.

🔹Барлық пойызда купе және плацкарт вагондары бар.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Бурабай курортына қатынайтын қосымша электр пойыздары іске қосылады:
* «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электрпойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
* «Павлодар-Астана-Бурабай курорты» электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

Билеттерді railways.kz сайтынан немесе вокзал кассасынан комиссиясыз сатып алуға болады✅