ҚР Теміржол көлігін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру бойынша кеңес өтті

ҚР Теміржол көлігін  дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру бойынша кеңес өтті

Комитет төрағасы Жәнібек Тайжанов теміржол саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске «ҚТЖ»ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «PTS HOLDING» ЖШС, «Kazlogistic» Қазақстан көліктер одағы және қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары одағы ұлттық экспедиторлары қауымдастығының өкілдері қатысты.

Аталған кеңесте темір жол саласын одан әрі дамыту, тасымалдау қызметіндегі бәсекелестікті арттыру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қажеттілігін қанағаттандыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.