Теңіз кемелерінің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Теңіз кемелерінің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Теңіз көлігінің тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету – маңызды және өзекті міндет. Кемені қауіпсіз пайдалану, ең алдымен, оның техникалық жәй-күйімен анықталады.

Пайдаланып жатқан әр кеменің техникалық жағдайын тексеру, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау және қолданыстағы куәліктердің жарамдылығын сақтау үшін куәландырудан өтуі тиіс.

Кемені куәландыру мен техникалық қадағалау теңіз кемелерінің халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етудегі ең маңызды құрамдас бөлігі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында 263 теңіз кемесі тіркелген, оның ішінде:
- Мемлекеттік кеме тізілімінде – 188;
- Бербоут-чартерлік тізілімде – 61;
- Халықаралық кеме тізілімінде – 14.

Қазақстан Республикасының «Сауда кемелері туралы» Заңына сәйкес кемелердің техникалық қадағалауын, куәландыруын және сыныптауын Қазақстандық Кеме тіркеуі немесе шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда теңіз кемелерінің халықаралық теңіз конвенциялары мен ұлттық заңнама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды беру арқылы белгіленген классқа бөлу қызметін келесі ұйымдар жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне қарасты Кеме тіркеуі;
2) Ресейдің теңіз кеме тіркеуі;
3) American Bureau of Shipping;
4) BUREAU VERITAS (Франция);
5) RINA S.p.a. (Италия).

Теңіз кемелерін куәландыру келесі халықаралық теңіз конвенциялары мен ұлттық заңнамаға сәйкес реттеледі:
1) Теңіздегі адам өмірін қорғау туралы халықаралық конвенция (СОЛАС 74/78);
2) Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі халықаралық конвенция (МАРПОЛ 73/78);
3) Жүк маркасы туралы халықаралық конвенция;
4) Кемелерді өлшеу туралы халықаралық конвенция;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 277 бұйрығы «Теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы»;
6) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 бұйрығы «Теңіз кемелерін сыныптау және салу қағидаларын бекіту туралы»;
7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 92 бұйрығы «Теңіз кемелерін жабдықтау қағидаларын бекіту туралы»;
8) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 215 бұйрығы «Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидаларын бекіту туралы»;
9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығы «Теңіз кемелерінің жүк маркасы қағидаларын бекіту туралы»;
10) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығы «Кемелерді өлшеу қағидаларын бекіту туралы».

Куәландырудың мынадай түрлері бар:
- бастапқы,
- мерзімді
- кезектен тыс.

Бастапқы куәландыру белгіленген класстарға бөлу үшін алғаш рет ұсынылған кемелерде, классын ауыстырғанда, классқа бөлу ұйымының техникалық қадағалауынан өтпей салынған кеменің классын анықтағанда немесе классы жойылған кеменің мәртебесін қайта тағайындағанда жүргізіледі.

Мерзімді куәландыру жыл сайынғы, аралық және кезекті болып бөлінеді. Ол кеменің техникалық жағдайын тексеру, ақауларды анықтау және сыныптық мәртебесін растау үшін жүргізіледі. Тексеру кезінде кеме корпусы, механизмдері, жабдықтары, электрлік және электрондық жүйелері, қауіпсіздік жүйелері және кеме құжаттары қарастырылады.

Аралық куәландыру екінші және үшінші жылдық куәландыру араларында жүргізілуі тиіс. Кезекті куәландыру 5 жыл сайын өткізіледі және әдетте, келесі бесжылдық кезеңге класстық мәртебесін ұзартуға бағытталады.

Кемеде апат немесе оқыс оқиға болғанда, құрылымына немесе жабдықтарына елеулі өзгерістер енгізілгенде, кемені консервациялау немесе қайта іске қосу кезінде, сондай-ақ бақылаушы органдардың талабы бойынша өткізіледі. Бұл куәландыру кеменің ағымдағы жағдайын бағалап, оның әрі қарай пайдалануға жарамдылығын анықтауға бағытталған.

Теңіз кемелерінің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі әрі маңызды процесс. Ол теңізде қауіпсіз жүзуді, апатсыз пайдалануды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Дата публикации
04 марта 2025