Теңізшінің жеке куәлігі оның экипажы құрамында теңіз кемесінің (әскери кемені қоспағанда) бортында жұмыс істейтін, сондай - ақ сауда мақсатында теңізде жүзу мақсатында пайдаланылатын аралас (өзен-теңіз) жүзетін кеме иесінің, сондай-ақ оқу орнында білім алушының және практикадан өту үшін кемелерге жіберілетін жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі барлығы 144 теңізшінің жеке куәлігін берді.
Оны алу құны 5 АЕК;
Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды;
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы: Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67Б ғимарат, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
Қажетті құжаттар тізімі:
1) сауалнама-өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) көрсетілетін қызметті алушының кеме бортында оның экипажының құрамында кез келген сапада жұмыс істейтінін растайтын құжат;
4) көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек кітапшасы, одан үзінді көшірме, жұмыс орнынан анықтама, теңізге шығу кітапшасы) не оқу орнынан анықтама;
5) Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 181 бұйрығымен бекітілген.