Сапар барысында ол контейнерлер мен астық дақылдарын өңдеу мүмкіндіктерімен, сондай-ақ контейнерлік хабтың құрылысымен танысты. Бұл жоба Қытайлық «Ляньюньган порты» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда және 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Оның нәтижесінде порттың өткізу қабілеті 240 мың ЖФЭ-ге дейін артады.
Портты жаңғырту аясында 63 тонна жүк көтере алатын жаңа порталды кран мен 4 тиегіш сатып алынып, белсенді қолданылуда. 2024 жылы порт акваториясын тереңдету жұмыстары басталып, бұл терминал мүмкіндіктерін арттырумен қатар Транскаспий бағыттарында бәсекеге қабілеттілікті нығайтады.
Жұмыс сапарының қорытындысында Жәнібек Тайжанов астық экспортының көлемін арттыру және Қытай арқылы контейнер транзитін дамыту Ақтау портының болашағын жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.