«Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ-сі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 01.05.-2025ж.-01.06.2025ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі» ММ-нің бөлімінің сектор меңгерушісі Мырзағали Қасымжомарт Жеңісбекұлына келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 - (71336) 21652.