Меню

Страницы

Статья

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,  балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,  балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29323 болып тіркелді.

2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері (бұдан әрі – білім беруді басқару органдары) жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беруді басқару органдары Ұлттық білім беру деректер қорындағы (бұдан әрі - ҰББДҚ) тіркеуге сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды, оның ішінде тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі ұйымдар арасында өңірден тыс жерлерге орын ауыстыруын және олардың шығуын есепке алуды қамтамасыз етеді.
  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелді) (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына сәйкес айқындалады.

       Бұл ретте мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелді) (бұдан әрі – Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

 Параграф 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі

  1. Білім беруді басқару органдары өздерінің ресми интернет-ресурстарында өткізілу күнін, уақытын және орнын, қажетті құжаттарды, оларды қарау күні мен уақытын көрсете отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

      Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін құрайды.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізуді білім беруді басқару органдары Конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) хаттамасы негізінде жүзеге асырады.

      Комиссияның құрамы жыл сайын білім беруді басқару органның шешімімен күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Сұранысты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті уәкілетті және атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және өңірлік кәсіпкерлер палатасы ресми хат-хабар арқылы кандидатураларды ұсынады.

      Комиссияның құрамы төрағадан және Комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ Комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады.

      Комиссия құрамы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, бiлiм беру органдарының, үкiметтiк емес ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өңірлік кәсiпкерлер палатасының өкiлдерiнен олардың тең үлесiн қамтамасыз ете отырып қалыптастырылады.

      Білім басқармасы органының басшысы комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссияның қызметі білім беруді басқару органдарының шешімі негізінде тоқтатылады.

      Комиссия төрағасы мен мүшелері дауыс беруге ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген ұсыным қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия тоқсанына кемінде бір рет мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін конкурстық рәсімді өткізеді.

      Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін білім беруді басқару органдары қаржы жылы ішінде жаңартады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:

       1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;

       2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;

       3) "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) (бұдан әрі – нұсқаулық) сәйкес талаптарды;

       4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы Заң) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;

       5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

      6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;

       7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.09.2023 № 280 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.04.2024 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

       1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

      3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

      4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

      5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

       1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

      2) медициналық қызметке лицензиялар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

       4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);

      5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды Білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімше конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
  2. Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ-нің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.

      Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.

      Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қолма-қол беріледі.

  1. Құжаттарды ҚҚҚБ-де тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады.

      Мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын құжаттарды Комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беру органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
  2. Білім беруді басқару органдары Комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.
  3. Мектепке дейінгі ұйымды Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тарту Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу бойынша келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуға кедергі келтірмейді.
  4. Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған немесе бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылған 5 (бес) және одан да көп жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдар 14-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттар ұсынылған жағдайда және осы Қағидалардың 15 және 18-тармақтарында көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарда қаржы жылында бір рет осы Қағидалардың 19-тармағының шарттарын сақтау және қамтамасыз ету бойынша жоспарлы мониторинг жүргізіледі.

      Жоспарлы мониторингті жергілікті атқарушы органдардың, білім беруді басқару органдарының, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың және (немесе) өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, Комиссия жүзеге асырады.

       Білім беруді басқару органы жоспарлы мониторинг жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымға хабарламаны бір ай бұрын жібереді.

      Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде акт жасайды және мектепке дейінгі ұйымдармен танысу үшін білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.

  1. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде мектепке дейінгі ұйымдар Комиссияның актісін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және басшы қол қойған растайтын құжаттарды білім беруді басқару органының ҚҚҚБ-ге қағаз немесе электрондық форматта ұсынады.

      Мектепке дейінгі ұйым анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған кезде, Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына мектепке дейінгі ұйымның тізбеден шығарылғаны туралы хабарлайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Білім беруді басқару органдары мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін ресми интернет-ресурстарда өзектендіреді және Комиссияның хабарламасын алған күні мектепке дейінгі ұйымды қаржыландыруды тоқтата тұрады.
  2. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметіндегі бұзушылықтар бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері және осы Қағидалардың талаптары негізінде білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі - ӘРПК) көзделген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.

 Параграф 2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастыру

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды "Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен білім беруді басқару органдары Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдармен 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

      Мектепке дейінгі ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражаты шегінде бір қаржы жылына жасалады.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты жасалғаннан кейін мектепке дейінгі ұйым бос орындар туралы мәліметтерді білім беруді басқару органдарының ақпараттық жүйелерінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ата-аналар немесе балалардың өзге де заңды өкілдері білім беруді басқару органдарының ақпараттық жүйесіндегі бос орындар туралы мәліметтер негізінде кейіннен мектепке дейінгі ұйыммен білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасай отырып, мектепке дейінгі ұйымға өз бетінше жолдама алады.
  2. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру қабылданған:

      1) мектепке дейінгі ұйымға нақты келетін;

      2) науқастануына, емделуіне, медициналық және өзге де ұйымдарда оңалтылуына, ата-анасының біреуі (баланың заңды өкілі) еңбек демалысын және жылына екі айға дейінгі мерзімге баланы сауықтыруға демалыс алуына байланысты мектепке дейінгі ұйымға бармаған (ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің анықтамасын немесе жазбаша өтініш ұсынған кезде);

      3) айына 3 (үш) жұмыс күні ішінде мектепке дейінгі ұйымға бармаған балалар үшін жүзеге асырылады.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру мектепке дейінгі ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) баланың болмау себептерін (қатысу табеліне электрондық түрде бекітілетін болмау себептерін растайтын құжаттардың болуы) көрсете отырып, электрондық қатысу табелін және орындалған жұмыстардың электрондық актісін, электрондық шот – фактураны ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ҚҚҚБ-не қағаз форматта жібереді.

      Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қолма-қол беріледі.

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде мынадай жағдайларда қаржыландырылады:

       1) нәтижесінде балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне;

      2) мектепке дейінгі ұйымға қабылданған, бірақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда кеңейту, жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізу себептері бойынша жылына 2 (екі) айдан аспайтын мерзімде бармайтын балалар үшін (құжаттамалық растау болған кезде).

  1. Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерін тәрбиелеу және оқыту бойынша көрсетілген білім беру қызметін есепке алу ҰБДҚ-да тәрбиеленушілердің күнделікті мектепке дейінгі ұйымға баруын тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
  2. Орналасқан жері өзгерген кезде (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) мектепке дейінгі ұйым орналасқан жері өзгергенге (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) дейін 1 (бір) ай бұрын білім беруді басқару органына хабарлайды.

      Мектепке дейінгі ұйымның басшысы қол қойған, орналасқан жерін өзгерту (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) мерзімдері көрсетілген хабарлама білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -нің электрондық поштасына электрондық форматта жіберіледі.

      Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, хабарламаны мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қағаз түрінлегі форматта жібереді.

      Хабарламаны тапсыру күні мен уақытын белгілей отырып, тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қолма-қол беріледі.

  1. Орналасқан орнының (ғимараттың/үй-жайдың ауыстыру) өзгергені туралы хабарлаған мектепке дейінгі ұйым хабарлама тіркелген сәттен бастап 1 (бір) ай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қаржыландырылады.
  2. Білім беруді басқару органын хабардар еткен сәттен бастап бір ай өткен соң мектепке дейінгі ұйым мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру болуы туралы ақпарат;

      3) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

      Көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ЕАББ электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.

      Құжатты электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.

      Білім беруді басқару органының ҚҚҚБ-сі мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына тапсыру күні мен уақыты белгіленген құжатты тіркеу туралы анықтам (талон) береді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілген құжаттарды тіркегеннен кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) № 29/қе бұйрығына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды;

      2) медициналық қызметке лицензия;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама толтырады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
  2. Білім беруді басқару органы Комиссия хаттамасының негізінде атауын, бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін өзектендіреді.
  3. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мектепке дейінгі ұйым Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдар тізбесінен шығарылады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне ену үшін осы мектепке дейінгі ұйым келесі конкурстық рәсімге қайта қатысады.

  1. Қағидалардың осы тармағында көзделген хабарлама тәртібі бұзылған жағдайда мектепке дейінгі ұйыммен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты орналасу орнының өзгеруі анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кейіннен мектепке дейінгі ұйымдар тізбесінен алынып тастала отырып, бір жақты тәртіпте бұзылады.

 

4-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруы

  1. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ұйымдарда балаларға қосымша бiлiм беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады және бiр баланы қамтамассыз ету орташа құнын айқындайды.

      Балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемінде білім беру тапсырысы шеңберінде қосымша білім алатын 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың санына мынадай шығындар өтеледі:

       1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Ұйым қызметкерлерінің жалақысы;

      2) ғимаратты (орынды) ұстауға және пайдалануға жұмсалатын шығыстар;

      3) мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар;

      4) қосымша білім беру бағытына сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын іске асыруға арналған шығыстар.

      Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан балалардың қосымша білім берудің білім бағдарламаларын іске асыратын ұйымға бармайтын осындай шектеу іс-шараларының қолданысы кезеңінде балалардың қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде қаржыландырылады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беруді басқару органдары өздерінің интернет-ресурстарында қосымша білім берудің түрлері мен бағыттары бойынша орындар саны, бір балаға есептегенде орташа құны, елді мекендер бөлінісінде және балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын ең төменгі талаптар туралы хабарландыру жариялайды.

      Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін Комиссияның құжаттарды қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жарғысында (ережесінде, құрылтай шартында) балаларға қосымша білім беру саласындағы қызметті көздейтін Ұйымдарда орналастырылады.
  2. Ұйымдардың тізбесін қалыптастыруды тұрақты жұмыс істейтін Комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) хаттамасы негізінде білім беруді басқару органдары жүзеге асырады.

      Комиссия құрамы жыл сайын білім беруді басқару органының шешімімен күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Комиссия құрамы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, бiлiм беру органдарының, үкiметтiк емес ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өңірлік кәсiпкерлер палатасының өкiлдерiнен олардың тең үлесiн қамтамасыз ете отырып жасақталады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар, білім беруді басқару органдары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және өңірлік кәсіпкерлер палатасы сұранысты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ресми хат алмасу арқылы кандидатураларды ұсынады.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Комиссия төрағасы мен мүшелері дауыс беруге алмастыру құқығынсыз қатысады.

      Отырысқа Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол құзыреттi болып саналады.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

  1. Комиссия мүшелерінің саны Комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамды құрайды және тақ болып табылады.

      Комиссия төрағасы білім беруді басқару органының басшысы немесе оның орынбасары болып табылады.

      Комиссияның қызметі білім беруді басқару органының шешімі негізінде тоқтатылады.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Балаларды қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу оларда мынадан құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) өтініш;

       2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым Жарғысы (ереженің, құрылтай шартының);

      3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау шарты;

      4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалар;

      5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтер;

      6) жоғары және бірінші санаттағы, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттары бар педагогтердің олардың жалпы санынан педагогикалық құрамның жалпы санының кемінде 10 пайызы;

      7) қосымша білім беру саласындағы Ұйымның жұмыс тәжірибесі (жарғыға, құрылтай құжаттарымен, шарттармен);

      8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      9) рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама;

      10) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамалары;

       11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

      12) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер;

      13) өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері;

      14) Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптары.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2024 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар мына құжаттарды ұсынады:

       1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;

      3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;

      4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

      5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;

      6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

       7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

      8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

       9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы), Ұйымның интернет-ресурсы және ҰБДҚ арқылы Комиссия мынадай мәліметтердің болуын және негізділігін тексереді:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркелу;

      2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сай эпидемиялық маңызы аз нысанның қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарландыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы тіркеу;

      4) күндізгі ұзақтығы төрт сағат және одан көп балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы бұйрыққа сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы;

      5) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды білім беруді басқару органдары балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы хабарландыру орналастырылған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

       Ұйымдар басшының қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды білім беруді басқару органдары кеңсесінің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.

      Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтаманы (талонды) білім беруді басқару органының кеңсесі ұйымның электрондық поштасына жібереді.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Комиссия білім беруді басқару органында құжаттарды тіркеу аяқталған күннен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдар ұсынған құжаттарды, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды.

      Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеумен Ұйымдардың қатысуымен қаралады.

      Ұйымдар ұсынған құжаттарды Комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      Комиссия құжаттарды алдын ала зерделеу үшін жұмыс топтарын құрады.

      3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның мүшелері қатарынан айқындаған жұмыс тобы ұсынылған құжаттардың осы Қағидалар талаптарына сәйкестігін айқындау үшін Ұйымға баруды жүзеге асырады.

      Комиссия хаттамасының негізінде білім беру органдары 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берген кездегі атауын, бос жұмыс орындарының санын және байланыс деректерін көрсете отырып, Ұйымдардың Тізімін қалыптастырады.

      Ұйымды Тізбеге енгізуден бас тарту балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы келесі хабарландыруға қайта қатысуға кедергі келтірмейді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған ұйымдар жаңартылған құжаттар ұсынылған және осы Қағидалардың 66 және 67-тармақтарына толық сәйкес келген жағдайда келесі күнтізбелік жылға Ұйымдар тізбесіне енгізіледі.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

       1) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу;

      2) егер ол осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес келмесе, Ұйымда балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізіміне енгізуден бас тарту.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

  1. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
  2. Хаттамаға төраға және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
  3. Комиссия отырыстары, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, заңды деп есептеледі.
  4. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беру органдарының интернет-ресурстарында жарияланады.
  5. Комиссияның шешімі негізінде білім басқармасы органдары қолда бар ресурстарда (ресми веб-сайтта, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізілген Ұйымдар туралы ақпаратты, ұйымның атауын, заңды мекен-жайын, орналасқан жерін, қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары туралы мәліметтерді, сағаттардың көлемін, оқыту тілдерін, үйірмелердің/секциялардың түрлерін, орындардың санын қамтиды.
  6. Ұйым балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындардың санын көрсете отырып, білім басқармасы органдарымен балаларға қосымша білім беру бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге шарттар жасайды.
  7. Ұйымның қызметтерді көрсетуі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұйым мен ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша белгіленген құнына сәйкес балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында көзделмеген сабақтарды өткізу үшін ұйымның ақылы қызметтер көрсету шарттары көрсетілген шартта көзделеді.

      Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін балалар контингентін қалыптастыру ҰБДҚ сәйкес жүзеге асырылады.

       Ұйымға қабылдау Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілген "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 20695 болып тіркелген) мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қосымша қабылдау жыл ішінде бос орындар болған жағдайда ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініштері негізінде жүзеге асырылады.

  1. Білім басқармасы органы балаларға қосымша білім беру жөніндегі қызметтердің құнын төлейді:

      1) кестеге сәйкес сабаққа қатысу (болу) дәлелі бойынша;

      2) дәлелді себептер бойынша сабаққа қатыспаған (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде: ауру, сауықтыру және емдеу, санаториялық-курорттық ұйымдарда оңалту, айына 3 (үш) сабақтан аспайтын);

      3) күнтізбелік бір жыл ішінде ата-анасының біреуінің немесе өзге де заңды өкілдерінің бір айдан аспайтын (өтініш болған жағдайда) еңбек демалысында болуына байланысты сабаққа қатыспауы.

  1. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы 3 (үш) сабақтан артық және себепсіз жағдайлармен болмаған балалар үшін төленбейді.
  2. Күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҰБДҚ ақпараттық жүйесінен жүктелген ақпаратты қолдану арқылы көрсетілетін қызметтердің актісі шығарылатын желтоқсан айын қоспағанда, әрбір келесі айдың 1-ші күні ұйым айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша ҰБДҚ ақпараттық жүйесінен жүктелген ақпаратты қолданумен көрсетілген қызмет көрсету актісін береді.
  3. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ұйымдарда күнтізбелік жылда бір рет осы Қағиданың 66-тармағының талаптарын сақтау және қамтамасыз ету, оның ішінде балалардың сабаққа қатысуы туралы жоспарлы мониторинг жүргізіледі.

      Жоспарлы мониторингті Комиссия жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, білім беру органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан Ұйымға бару арқылы жүзеге асырады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган жоспарлы мониторинг жүргізу мерзімі көрсетілген хабарламаны Ұйымға тапсырыс хатпен немесе электрондық пошта арқылы бір ай бұрын жібереді.

      Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде акт жасайды және Ұйымдардың қарауы үшін білім басқармасы органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде Ұйымдар Комиссия актісін алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және білім беруді басқару органының кеңсесіне басшы қол қойған растайтын құжаттарды электрондық нұсқада ұсынады.

      Құжаттарды электронды форматта мүмкін болмаған жағдайда, бұл құжаттарды білім басқармасы органдарының кңсесіне қағаз форматта жіберіледі.

      Қайталанатын сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Ұйым Комиссияның тиісті шешімі негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесінен шығарылуға жатады.

      Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына Ұйымның Тізбеден шығарылғаны туралы хабарлайды. Білім беруді басқару органдары Ұйымдардың тізбесін ресми интернет-ресурстарда өзектендіреді және Комиссияның хабарламасын алған күні ұйымды қаржыландыруды тоқтата тұрады.

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Ұйымдардың қызметіндегі бұзушылықтар және осы Қағидалардың талаптары туралы өтініштері негізінде білім басқару органы ӘРПК көзделген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.

      Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ұйым балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелері бойынша оқу жылының соңында осы Ережелерге 6-қосымшаға сәйкес электрондық немесе қағаз нысанда оқу нәтижелерін растайтын құжат (сертификат) береді.
Дата публикации
29 января 2025
Дата обновления
29 января 2025
Тип

Сейчас читают

10 декабря 2025
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: БАҒДАР ЖӘНЕ БОЛАШАҚ» ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ
10 декабря 2025
ОБЛАСТНОЙ ВЫЕЗДНОЙ СЕМИНАР «АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: БАҒДАР ЖӘНЕ БОЛАШАҚ»
24 сентября 2025
Білім беру ұйымдарында қаражат жинауға тыйм салу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы