GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
27 февраля 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру туралы онлайн семинары

Бүгін, 27 ақпан күні Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің ұйымдастыруымен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылғы арналған үлгілік жоспарына сәйкес Министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру туралы онлайн семинары  өтті.

Семинар спикері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, оның ішінде құқықтық негіздер, тәуекелдерді талдау, қоғамдық бақылауды күшейту және мемлекеттік органдардағы ашықтықты арттыру мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қазіргі жағдайы мен оның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және тәуекелдерді талдау, қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру, лауазымды тұлғалардың этика нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау туралы слайд көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланып, құқықтық негіздерді жетілдіру, мемлекеттік органдардағы ашықтықты арттыру және қоғамның жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
05 апреля 2024
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің қызметкерлеріне семинар өткізу

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Сыбайлас жемкорлыкка карсы саясат» тақырыбында семинар өткізілді.

 Семинарда 18 қараша 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі бағыттарына назар аударды. Аталған заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатындығы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды, қаржылық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігі, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігі, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігі, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты екендігін атап өтіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуы ұдайы бақылауда екендігін айтылды.

 

03 ноября 2023
ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды.

Мемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдыртпау мақсатында 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда (бұдан әрі-Заң) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қарастырылды.

Заң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыру басталуда екені, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатыны хабарланады.

Бұл жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюды айқындайды.

07 августа 2023
Digital Bridge 2023: Адами және жасанды интеллектінің арасындағы тепе-теңдікті сақтау

12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум - Digital Bridge 2023 өтеді. Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance.

Бұл халықаралық форумға дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдік компаниялардың жетекшілері, IT-инновация саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылар, өңірдің түкпір-түкпірінен венчурлық инвесторлар қатысады. Digital Bridge-2023 алаңында 20 000+ қатысушы, 300+ IT компания, 100+ инвестор мен бизнес-періштелер, 250+ спикер және әлемнің 15+ елінен 100+ стартап бас қосады.

«Жасанды интеллект заманауи қоғамда маңызды рөл атқарады, сондықтан Digital Bridge-2023 технология мен адам әлеуеті арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын талқылайтын тамаша алаңға айналмақ. Бұл форум сала мамандары мен сарапшыларына өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Осы арқылы адамзатқа жасанды интеллект қызмет ететін болашақты бірлесіп құруға жол ашады. Қазақстан осы бағытта инновациялық өсудің жоғары әлеуетіне ие болып отыр. Қазіргі таңда елімізде ғалымдар мен жас таланттардың шоғырлануы үшін қолайлы жағдай жасалуда. Біздің азаматтарымыздың әртүрлі салаларда әзірлеген жасанды интеллект өнімдері бар, олар қазірдің өзінде әлем назарын аударып отыр. Біз мұны сөзсіз, мақтан тұтамыз. Жасанды интеллект экономиканы, өнеркәсіпті, ғылым мен техниканы дамытуда зор әлеуетке ие», - деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтиды - ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және one-to-one кездесулер, халықаралық спикерлермен 30+ панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Hub Battle үздік IT-стартап үшін дода, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards – үздік стартаптарға, инновациялық жобаларға және кәсіпкерлерге берілетін халықаралық сыйлық, 100 қазақстандық және шетелдік технологиялық стартаптар өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынатын Стартап аллеясы.

Форумның бес жыл қатарынан IT-қауымдастықтың ерекше назарын аударып, қалың жұртшылықтың қызығушылығын тудырған ең қызықты оқиғасы – Astana Hub Battle – үздік IT стартаптардың ең ірі додасы. Биыл батлдың жүлде қоры 4 есеге ұлғайды.

«Биыл біз Astana Hub Battle концепциясын сәл өзгерттік. Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталады - Best Social Impact, The Most Innovative, Exponential Growth. Ал жүлде қоры $75 мыңға дейін артады, әр номинация бойынша $25  мың. Қазылар алқасының құрамында елімізідң ірі инвесторлары болады, сондықтан ресми жүлдеден бөлек, перспективалы жобалар қазылар алқасынан қосымша ұсыныстар алуы мүмкін», - деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.

Айта кету керек, Astana Hub Battle экожүйенің жаңа қатысушыларын анықтап, отандық стартап мәдениетін насихаттауға және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Батлға қатысу үшін стартаптарда MVP немесе PMF сатысында ауқымды жоба болуы керек. Бұған дейін байқауда Kwaaka, NBfit, UvU, Parqour, EasyTap, Kid Security сияқты стартаптар жеңіске жеткен еді.

Digital Bridge 2023 аясындағы Astana Hub Battle-ға қатысуға өтінімдер digitalbridge.kz сайтында 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Алдын ала байқаудан кейін іріктеуден өткен бәсекеге қабілетті 100 жоба қазылар алқасының назарына ұсынылады.  Олар форумның бірінші күні жартылай финалда жобаларын бір минуттың ішінде таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл сынақтан өткен 10 стартап финалда үздік атағы үшін бақ сынасады.

Форумның хедлайнерлері – IT әлемінің әлемге әйгілі тұлғалары форум басталар шақта жарияланады. Сонымен қатар дәстүрлі түрде бірқатар көрмелер – корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC, аймақтық IT хабтар көрмесі және ірі IT-компаниялардың вакансиялар жәрмеңкесі өтеді.

Еске салсақ, Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Astana Hub халықаралық технопаркі.

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
18 сентября 2020
Анықтама орнына ақпаратты eGov Mobile арқылы бөлісуге болады

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) мемлекеттік органдармен бірлесе өткізген кезекті отырысында анықтамаларды алып тастау мәселелері қаралды.

Ведомствоаралық комиссияның төрағасы - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин анықтамалар санын қысқартудың өзектілігін атап өтіп, қажетті шараларды жедел іске асыру қажеттігін айтты.

"Мемлекет басшысы таяудағы Жолдауында жиі сұралатын анықтамалар мен мәліметті қағаз жүзінде растауды талап етудің күшін жою бойынша нақты міндет қойды. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Бүгінге дейін 6 анықтама жойылды және оң экономикалық нәтижесін көріп отырмыз. Бізге үнемі жаңа тәсілдерді ұсыну, уақыттан қалыспау, процесті жылжыту, eGov Mobile мүмкіндіктерін қолдану және кеңейту қажет", - деп атап өтті министр.

Отырыс барысында Цифрлық даму министрлігіне қарасты  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы Дәулет Бекманов атап өткендей, бүгінде мемлекеттік тізілімде 694 қызмет болса, оның 50-ге жуығы-ақпараттық қызметтер мен анықтамалар.

"Біз бірқатар министрліктердің өкілдерімен кездесулер өткіздік, азаматтардан түрлі анықтамалардыталап етпеу мәселелерін талқыладық, нәтижесінде биыл  30 түрлі анықтаманықысқартуды ұсынып отырмыз. Мысалы, наркологиялық ұйымнан, зейнетақы жинақтары туралы, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, жылжымайтын мүліктің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беруді, ал соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы талап етпеу қысқартылады, бірақ шетелде көрсету үшін қалдырылады. Бұл шаранәтижесінде қағаз құжат айналымы 35 миллионнан астам құжатқа қысқарталыды", - деп атап өтті Бекманов.

Қағаз құжат айналымын қысқарту eGov Mobile мобильдік қосымшасындағы жаңа құралдарды да қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша, жақында eGov Mobile-дан ақпаратты тікелей мессенджерлер арқылы жібере отырып, қосымшада жеке мәліметтерді бөлісуге болады. Мысалы, кез-келген ыңғайлы жолмен ақпаратты жібере отырып, қосымша арқылы мекенжай дерегімен бөлісуге болады. Бұл ақпаратты талап етуші мекемелерге eGov Mobile-ден сілтеме жібере аласыз. Сол сияқты, басқа жеке ақпаратпен де бөлісе аласыз. Егер сіз жақын жерде болсаңыз, онда мәліметті QR код арқылы алмасу мүмкін болмақ.

Сондай-ақ үшінші тұлғалар да ақпаратты сұрата алады, ол үшін азамат өзінің смартфонындағы қосымшаға келген хабарламаны растауы керек.

Бұдан басқа, eGov Mobile-дан электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) өте оңай алатын боласыз. Ол үшін биометрияны сәйкестендіруден өту (жүйе азаматтың жеке басын сканерлейді), сұрақтарға жауап беру, телефон нөмірін енгізу қажет, содан кейін нөмір мобильді азаматтар базасында тіркеледі, ал ЭЦҚ телефонға орнатылады. Бұл процесс eGov Mobile-дың көмегімен "электрондық үкімет" порталын пайдаланушыларды тіркеуді оңайлатпақ.

Сондай-ақ, отырыстаазаматтар неғұрлым көп сұрайтын мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелері қаралды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, бала кезінен 1-топтағы мүгедекке күтім жасау, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайларына төлемдер және т.б. қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша бизнес-процестерді ұсынды.

Сондай-ақ, кездесуде Smart Bridge платформасындағы интеграциялық сервистер бойынша бизнес өкілдерінің ұсыныстар қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, ВАК отырыстары цифрлық комиссарлардың қатысуымен өтеді, олар да талқыланатын мәселелер бойынша өз ой-пікірлерімен бөліседі.

30 августа 2020
Конституция күнімен!
Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуымен құттықтаймыз!

Қазақстан Конституциясы мемлекеттілікті, тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қызмет етуде. Әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу – Ата Заңымыздың аясында атқарылуда.

Тәуелсіздігіміздің кепілі болған Конституция күнімен баршаңызды құттықтай отырып, отбасыңызға амандық, зор денсаулық, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Еліміздің болашағы жарқын болсын!
 
Құрметпен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
 
 
Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
23 июля 2020
ВАК отырысында проактивті тәсілмен ресімдеу қызметтерінің санын арттыру ұсынылды

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысында мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Солардың ішінде адамның қайтыс болғаны туралы куәлікті проактивті тәсілмен беру.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары, Комиссия төрағасы Бағдат Мусин атап өткендей, азаматтарға мәйітхана мен ауруханаға барып, тиісті құжат жинаудың қажеті болмайды.

«Бұл процесті барынша жеңілдетіп, оны проактивті форматқа көшіру қажет. Мәйітхана қызметкерлері барлық деректерді Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне, одан кейін АХАЖ деректер базасына енгізуі керек.Осылайша, барлығы онлайн түрде ресімделеді, ал марқұмның туыстарына қажет анықтаманы алу жолы көрсетілген СМС-хабарлама жіберіледі. Адамдар анықтама алуға уақытын үнемдейді», - деді Мусин.

Қазір аталған қызметті алу үшін азаматтар мәйітханадан қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті алып, оны ХҚКО-ға апарып өткізеді де қайтыс болғаны туралы анықтама алады, бұған 1 күн уақытын жұмсайды. 

ВАК-та қаралған тағы бір мәселе – шетелде жүрген қазақстандықтарға "электрондық үкімет" порталының қызметтерін толық пайдалануға мүмкіндік ұсыну. Сарапшылардың айтуынша, бұл үшін Қазақстанның шет мемлекеттердегі консулдықтары қолдау көрсетуі қажет.

«Әңгіме ЭЦҚ-ны шетелде жүріп-ақ алу және азаматтық хал актілері саласында қызмет көрсету мүмкіндіктері туралы болып отыр. Қауіпсіз байланыс арнасының болмауына орай, аталған қызметтер қолжетімсіз. Сондықтан біз отандастарымыз көп тұратын мемлекеттердегі қазақстандық консулдарға АХАЖ және ХҚКО-ның ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті ұсынамыз», - деп атап өтті ҚР СІМ Жауапты хатшысы Аркен Өтенов.

Бағдат Мусин отырысқа қатысушылардың назарын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін техникалық жағынан дайындау қажеттігіне аударды.

«Бүгінгі таңда біз проактивті қызметті дамытуға белсенді түрде бағыт алдық. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасын тікелей жүзеге асыру. Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерді жеңіл алуы үшін жағдай жасауымыз керек. Бұл мәселеде күш-жігерімізді біріктіру қажет. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдарға қолдау көрсету маңызды. Реформалар қағаз жүзінде емес, іс жүзінде болуы тиіс. Сондықтан, барлық жауапты тұлғаларға өз ақпараттық жүйемізді техникалық жағынан дайындап, қойылған міндеттерді жүзеге асыруды ұсынамын», - деп атап өтті Мусин.

Сонымен қатар, отырыста мемлекеттік қызметтердің 90%-ын жыл соңына дейін электрондық форматқа ауыстыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалып, психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы ұйымдардың анықтамаларын алып тастау ұсынысы қаралды.

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
11 июля 2020
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингісінде 10 позицияға көтерілді

БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан 29-орынға көтерілді. 28-орынға Канада ие болды. Бұл рейтинг әр 2 жыл сайын жасалады және БҰҰ-ға мүше 193 елдің көрсеткіштері бағаланады. 2020 жылғы рейтинг мемлекеттердің 2018-2019 жылдары жүргізген жұмыстарының нәтижесіне негізделген.

БҰҰ-ның жариялаған есебіне сәйкес, электрондық үкіметті дамыту бойынша көшбасшылардың алғашқы үштігіне Дания, Оңтүстік Корея және Эстония енді.

ТМД елдері арасында Қазақстан 1-орынды иеленді. Қазақстаннан кейін Ресей (36), Беларусь (40), Украина (69), Молдова (79), Өзбекстан (87)және т.б.елдерорналасқан.

Осы жылғы рейтингте Португалия 35-ші, Италия 37-ші, Бельгия 41-ші, Қытай 45-ші, Малайзия 47-ші орында тұр. 

Қазақстанның аталған рейтингтегі ең жоғары позициясы 28-орын 2014 жылы тіркелген еді. 2016 жылы 33-орынға, ал 2018 жылы 39-орында болды. Осылайша, соңғы 2 жылдағы көрсеткіш бойынша Қазақстан10 позицияға жоғарылады.

Электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның жаһандық рейтингінде (EGDI) үш компонент негізге алынады: электрондық қызметтерді (OSI), адами капиталды (HCI), телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту (TII).

2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда электрондық үкіметті дамыту индексі (EGDI) 2020 жылы 10.2%-ға, онлайн қызметтер бойынша 6,38%-ға, адами капитал бойынша 5.6%-ға өсті.

Жоғары 22.7% көрсеткіш телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласында байқалды. Сонымен қатар, электрондық қызметтер деңгейі бойынша Қазақстан ең жоғары балл алды. Рейтингте бұл көрсеткіш 1% деп бағаланса, Қазақстанның көрсеткіші 0,92% деп бағаланды.

Электрондық үкіметті қолдануды дамыту бойынша (E-participation) Қазақстан 16 позицияға көтеріліп, 26-орынға шықты. Бұл индекс азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын, мемлекет қызметінің ашықтығын көрсетеді, бұл "естуші мемлекет"саясатына сәйкес келеді.

Жергілікті жерлерде онлайн-қызметтерді дамыту бойынша Алматы қаласы рейтингке қатысқан әлемдегі 100 қаланың ішінде 29-орында.

БҰҰ-ның есебіне сілтеме:

https://publicadministration.un.org/egovkb/Portals/egovkb/Documents/un/2020-Survey/2020%20UN%20E-Government%20Survey%20(Full%20Report).pdf

Анықтама:

Қазақстанның бұл рейтингтегі позициясының жоғарлауы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Қазақстанда соңғы 2 жылда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, жаңа технологиялар туралы заңдар қабылданып, автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің саны 83%-ға дейін өсті, телеграм-бот арқылы 26 қызметті алу мүмкіндігі пайда болды және eGovmobile жаңа мобильдік қосымшасы іске қосылды. Елімізде қызметтерді проактивті түрде ұсыну басталды, «цифрлық құжаттар» қызметі іске қосылды, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)  қашықтан алу форматына көшірілді.

Адами капитал туралы айтатын болсақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мектептерде информатика сабағы 1-сыныптан бастап енгізілді, ЖОО-лар академиялық еркіндікке ие болды, «Астана Хаб» индустриалды паркінде alem бағдарламалау мектебі, AХҚО бюросы базасында QWANT жаңа технологиялар мектебі және т.б. іске қосылды.
Нұр-Сұлтан қаласында «Astana IT University» ашылды, ал елімізде IT-мамандықтар бойынша берілетін грант саны 3 есеге артты.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымға келетін болсақ, биыл екі ірі жоба аяқталып, соның арқасында ел халқының 99,3% жоғары жылдамдықты мобильді Интернетке қосыла алады. Атап айтқанда, МЖӘ жобасы аясында байланыс операторлары 20 мың км астам оптикалық байланыс желісін жүргізеді, бұл Нұр-Сұлтан қаласынан Нью-Йорк қаласына барып-қайтудағы жолдың қашықтығына тең.

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
11 июня 2020
Некені тіркеу туралы өтінімге қолды QR-код арқылы қоюға болады

Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде egov.kz порталынан QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін жариялады.

Министрдің айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеуде. QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер:

  • некені тіркеу
  • баланың тууын тіркеу
  • балабақша кезегіне қою
  • заңды тұлғаны тіркеу
  • салық есебін қабылдау (250 форма)

«Бұл қызметтерді компьютер арқылы алу барысында ЭЦҚ-ға қол қою кезінде QR-кодты сканерлеп, қызметті eGovMobile қосымшасы арқылы алуға сұрау жіберуге болады. Ол үшін компьютеріңізге ЭЦҚ-ны пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ», - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Осылайша, азамат eGov.kz порталынан қызметтерді алу барысында «QR-code арқылы қол қою» функциясын таңдай алады. Содан соң eGovMobile қосымшасын пайдаланып, мониторда пайда болған кодты сканерлейді.

Осы айдың соңында кейбір қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігі іске асырылады. Алдағы уақытта QR-кодтың көмегімен алуға болатын қызметтердің қатары көбейеді.

«eGovmobile» қосымшасы AppStore және PlayMarket платформаларында бар. Сондай-ақ, аталған мобильді қосымшада сұранысқа көп ие қызметтер мен сервистердің 60 түрі қолжетімді. Азаматтың жеке куәлігі секілді «цифрлық құжаттары» да енгізілген. Мобильді қосымшаны толыққанды пайдалану үшін ЭЦҚ-ның болуы шарт және мобильдік азаматтар базасында тіркелуіңіз керек.

ЭЦҚ-ны қашықтан алу және мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін  https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp сілтемесіне өтіңіз.

Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер
11 июня 2020
Қазақстанда 30 қызмет проактивті тәсілмен көрсетіледі

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде азаматтардың сұрақтарына жауап бере отырып айтты.

Қызмет көрсетудің проактивті форматы бойынша мемлекет азаматқа қажетті қызметті алуды өзі ұсынады. Бұл ретте азаматқа құжат ресімдеу немесе өтінім беру үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, қажетті ақпаратты келген SMS-хабарламаға жауап ретінде жіберу жеткілікті.

Қазір мемлекеттік қызметтің 5 түрі проактивті форматта көрсетіледі. Баланың туу туралы куәлігін SMS-хабарлама жолдау арқылы ресімдеуге болады. Сондай-ақ, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иелері  жәрдемақыны  осы тәсілмен ресімдей алады.

"Бүгінде Қазақстанда қызметтің 80%-дан астамы – электондық қызметтер. Яғни, біз қызметтердіпроактивтіформатқа көшіруге мүмкіндік беретін автоматтандырудың осындай деңгейіне қол жеткіздік. Адамдарға ешқайда барудың қажеті жоқ, келген хабарламаға жауап беру арқылы мемлекеттік қызметтерді ала алады", - деді Асқар Жұмағалиев.

Министр ведомствоаралық комиссияның шешімімен проактивті форматта көрсетілетін 30 қызметтің іріктеліп алынғанын айтты. Олардың арасында – жүктілігі мен босануы бойынша төлемдерді тағайындау, мүгедектікті белгілеу, мектепке қабылдау, көшелерді немесе елді мекендерді қайта атау кезінде мекенжай деректерін өзгерту, жерлеуге арналған бір реттік төлемді тағайындау және т.б. бар.

"Қазір жүкті әйелдер декреттік төлемдерді ХҚКО-ға барып ресімдейді. Бұл қызмет проактивті форматқа көшірілген соң, еңбекке жарамсыздық парағын ресімдегеннен кейінSMS-хабарлама келеді, соған жауап беру арқылы олар жәрдемақыны үйде отырып ресімдей алады. Ең бастысы –СМС-хабарлама алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс", - деп түсіндірді министр.

Проактивті қызметтердің көбін осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл үшін осы қызметтерді көрсетуші мемлекеттік органдар өз жүйелері арасында деректер алмасуды қамтамасыз ете отырып, барлық қажетті интеграциялық жұмыстарды аяқтауы тиіс.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы