Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімі жарияланды

Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімі жарияланды

Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі негізінде (rchl.govtec.kz) тәуекелдерді басқару жүйесі Азаматтық қорғаныс саласындағы 2025 жылғы 1 жартыжылдыққа бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу тізімін автоматты түрде қалыптастырды.

Тізімнің цифрлық нұсқасы «электрондық үкімет» порталында орналастырылған.

Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау орталық және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған, базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған және табиғи және жасанды су айдындарындағы көпшілік демалатын орындар бекітіліп берілген ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың және азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтық қорғаныс жөніндегі талаптар мен іс-шараларды атқаруды қамтамасыз етуіне бағытталған.

Мемлекеттік бақылау «Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» ҚР ІІМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және ҚР ҰЭМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарына қатаң сәйкес жүргізіледі.

 

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті