
Қ. Тұрсынбаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында тұрмыстық жағдайлармен және өрт техникасы мен жабдықтарымен танысты.
Сондай-ақ, Төраға аудан әкімінің орынбасары М. Қарабаевпен және мердігер ұйыммен бірлесіп Көксу ауданындағы жаңа өрт сөндіру депосының құрылыс алаңына барды.
Талдықорғанда жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру бөлімдерінің, жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының жұмысымен танысып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, сондай-ақ авариялық-құтқару және арнайы техникамен жарақтандыруға назар аударды.
Жұмыс сапарының соңында Қ. Тұрсынбаев ТЖД бөлімшелерінің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді, онда ТЖ министрінің жеке құрамның заңдылық пен қызметтік-әскери тәртіпті мүлтіксіз сақтау жөніндегі талаптарын жеткізді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі