
Кеген Тұрсынбаев ТЖД бөлімшелерінің қызметін тексерді және Өскеменде құрылған ТЖМ екінші құтқару батальонына барды.
Ол құтқарушылар мен әскери қызметшілердің қызмет өтеу жағдайын бағалады, жабдықтардың техникалық жай-күйімен танысты. Облыс гарнизонының жеке құрамымен әңгімелесті.
Комитет торағасы халыққа жан-жақты көмек көрсету үшін төтенше жағдайларға ден қоюды жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Төтенше жағдайлар санын азайту және оларды уақтылы болжау жұмысы бойынша міндеттерді белгіледі.
Ол сондай-ақ ТЖД бөлімшелерінің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді, онда ол әрбір қызметкерге ТЖ министрінің қызметтік-әскери тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және төтенше жағдайлар жүйесі бөлімшелерінің техникасы мен мүлкіне ұқыпты қарау жөніндегі тапсырмасын жеткізді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі