Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының Қарағанды облысына жұмыс сапары

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының Қарағанды облысына жұмыс сапары

Жұмыс сапары барысында Кеген Тұрсынбаев бірқатар аумақтық бөлімшелердің қызмет көрсету және тұрмыстық жағдайымен танысты.

Ол жеке құраммен кездесіп, Департамент қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді, онда құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіпті сақтау, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мәселелері бойынша азаматтық қорғау органдарын дамыту перспективасының негізгі бағыттарын, қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістерді жеткізді.

Кездесу соңында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде және кәсіби шеберлікті арттыруда табыс тіледі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі