52859 әскери бөлімінің құтқару батальоны Қостанай қаласына жөнелтілді

52859 әскери бөлімінің құтқару батальоны Қостанай қаласына жөнелтілді

2024 жылдың 2 шілдесінде М.Мамыраев атындағы 52859 әскери бөлімінің 2-құтқару батальонының жеке құрамы, техника және мүлкімен бірге Қарағандыдан Қостанай қаласындағы тұрақты орналастыру пунктіне жол тартты.  

Қостанайдағы құтқару батальоны табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша тапсырмаларды орындайды. Батальон өрт қауіпті кезеңде Қостанай қаласында төтенше жағдай туындай қалса жауынгерлік жұмылдыру іс-шараларын өткізіп, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз етуге атсалысады. Әскери қызметкерлер елді мекендердегі өртке ушыққан жағдайларда ғана тартылады. Батальон өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен, инженерлік, авариялық-құтқару машиналарымен қамтамасыз етілген.

Қарағанды ​​полкінің құтқару батальоны жұмысты Қостанай облысы ТЖД бірлесіп ұйымдастыратын болады.