ТЖМ 52859 әскери бөлімінде ант қабылдау өтті

ТЖМ 52859 әскери бөлімінде ант қабылдау өтті

ТЖМ М.Мамыраев атындағы 52859 әскери бөлімінің саптық алаңында биыл Қостанай, Алматы, Петропавл облыстарынан Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге келген жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады.

Жеке құрамды құттықтау үшін  ТЖМ өкілі полковник Султан Арифджанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ақылбек Ахметжанов, әскери бөлімнің сарбаздар аналары кеңесінің төрайымы – Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі Мария Фатеева, Қарағанды облысы «Чернобыль мүгедектері» ұйымының төрағасы Олег Ким келді.

 Салтанатты іс-шара басында сөз алған 52859  әскери бөлім командирінің міндетін атқарушы подполковник Рустам Осипов «Жас сарбаздар, сіздер бүгін ел алдында әскери ант қабылдап, Отан қорғаушысының қатарына қосылғалы тұрсыздар. Осы уақыттан бастап сіздерге жүктелген міндет те зор болмақ. Әскери өмір қаншалықты қиын болғанымен, жарғымен белгіленген талаптарды орындау – парыз және қасиетті міндет. Сіздердің міндеттеріңіз – өздеріңізге жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау және бүгінгі қабылдаған анттарыңызға адал болу», - деп жас сарбаздарға жігер беріп қойды.        
Біз жас сарбаздарды әскери ант қабылдауымен құттықтай отырып, қабылдаған анттарына адал болуларына тілектеспіз!