
15-17 мамыр аралығында Азаматтық қорғау академиясының базасында азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік инспекторлармен семинар-кеңес өткізілді.
Негізгі мәселе – мерзімді тексеру нысанында мемлекеттік органдарға қатысты мемлекеттік бақылаудың жаңа форматына қатысты бөлігінде «Азаматтық қорғау туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізу. Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің жеке құрамы 37-1-баптың талаптарын түсіндірді, қолданыстағы талаптар, тексеруді жүргізудің еселігі мен тәртібі бойынша ұсынымдар жеткізді.
Сонымен қатар, аумақтық департаменттердің өкілдерімен жемісті жұмыс нәтижесінде проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары атап өтілді. Сондай-ақ, семинар-кеңеске облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен прокуратура органдарының өкілдері қатысты. Тексерулер жүргізу кезінде ерекше жағдайларға тап болған қызметкерлер дәріскер ретінде сөз сөйледі.
Аумақтық бөлімшелердің тәжірибесімен алмасу нәтижесінде азаматтық қорғаныс жөніндегі санаттарға жауап беретін ұйымдар мен азаматтық қорғау қызметтері және су айдындарында жаппай демалыс орындары құрылған ұйымдарға мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың және жүргізудің жалпы тәсілдері айқындалды.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті