Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері оқу кезеңінің қорытынды тексеруін тапсыруда

Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері оқу кезеңінің қорытынды тексеруін тапсыруда

2024 жылғы 13 мамырдан бастап азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жеке құрамы оқу кезеңінің қорытынды тексеруін тапсыру үстінде. Тексеру әскери бөлімнің жауынгерлік туын шығарудан басталып, жеке құрамның саптық бақылаумен жалғасты. Әскери қызметшілер құтқару қызмет теориясы мен жалпыәскери жарғылардың талаптарын білу бойынша тест тапсырды.

Міндетті түрде жеке құрамның денелері қаншалықты шыныққаны мен бөлімшелердің апат пен зілзалаларды жою кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығы тексерілді. Тексеру барысында әскери бөлімдердің әскери қызметшілері кәсіби жарамдылығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Қорытынды тексерудің негізгі көздегені әскери бөлімдердің мақсаты бойынша іс-қимылдарға дайындық деңгейін анықтау болды.

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті