ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің қатары толықтырылды

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің қатары толықтырылды

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні  52859 әскери бөлімінің саптық алаңында биыл қараша айында еліміздің Алматы, Ақтөбе, Ақмола облыстарынан және Орал қаласынан Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге келген 100-ге жуық жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады.

Жеке құрамды құттықтау үшін  ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Азаматтық қорғаныс іс-шараларын мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы полковник Т.Т. Жамбауов, әскери бөлімнің сарбаздар аналары кеңесінің төрайымы – Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі М.Д.Фатеева, ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Ш.Ш.Бабаев және тағы басқа ардагерлер келді.

Салтанатты іс-шара басында сөз алған 52859  әскери бөлім командирінің міндетін атқарушы подполковник Р.Д.Осипов Рустам: «Жас сарбаздар, сіздер бүгін ел алдында әскери ант қабылдап, Отан қорғаушысының қатарына қосылғалы тұрсыздар. Осы уақыттан бастап сіздерге жүктелген міндет те зор болмақ. Әскери өмір қаншалықты қиын болғанымен, жарғымен белгіленген талаптарды орындау – парыз және қасиетті міндет. Сіздердің міндеттеріңіз – өздеріңізге жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау және бүгінгі қабылдаған анттарыңызға адал болу», деп жас сарбаздарға жылы лебіздерін жаудырды.   

Біз жас сарбаздарды әскери ант қабылдауымен кұттыктай отырып, қабылдаған анттарына адал болуларына тілектеспіз!