Әлемдегі геосаяси, экономикалық және басқа да салалардың қазіргі заманғы дамуы азаматтық қорғаныс саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық талаптарға өзгерістер енгізу қажеттілігін негіздейді.
АҚ және әскери бөлімдер комитеті «Азаматтық қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын әзірлеу шеңберінде жоспарлы түрде жұмыс жүргізуде.
Заң жобасына мынадай бағыттар бойынша тұжырымдамалық түрде біріктірілген 19 түзету мен толықтыру ұсынылды: терминологиялық аппарат, мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен құзыреттері, ұйымдардың құқықтары мен міндеттері, азаматтық қорғау саласында оқыту, азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру.
Новеллаларды іске асыру:
1) АҚ саласында қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін заңнамалық, нормативтік-құқықтық, техникалық және әдістемелік базаны қалыптастыру;
2) АҚ бойынша іс-шараларға қойылатын талаптардың және оларды өткізу қағидаларының бірыңғай жүйесін қалыптастыруға;
3) қазіргі заманғы қатерлерді ескере отырып, халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды әскери қақтығыстар мен ТЖ кезінде туындайтын қауіптерден қорғау жөніндегі іс-шаралар жүйесін оңтайландыруға;
4) халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды әскери қақтығыстар мен ТЖ кезінде туындайтын қауіптерден қорғаудың озық технологиялары негізінде АҚ ұйымдастыру мен жүргізуге жаңа тәсілдерді қалыптастыру;
5) белгілі бір (ерекше) аумақтардағы халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды әскери қақтығыстар мен ТЖ кезінде туындайтын қауіптерден қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін сараланған тәсілді қамтамасыз етуге міндетті.
Қазіргі уақытта заң жобасы келісуден өтуде.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті