Әскери бөлімдерге әскерге шақырылушыларды іріктеу сабағы

Әскери бөлімдерге әскерге шақырылушыларды іріктеу сабағы

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің ұйымдастыруымен 28237, 52859,68303 әскери бөлімдеріне әскерге шақырылушыларды іріктеу және ілесіп жүру командалардың лауазымдық тұлғаларымен бір күндік нұсқаулық – әдістемелік сабақтар өткізілді.

Нұсқаулық – әдістемелік сабақтар кезінде «Әскери бөлімдерге мерзімді әскери қызметке шақыру үшін азаматтарды зерделеу және іріктеу жөніндегі негізгі талаптар», «Әскери бөлімдерге шақыру кезіндегі негізгі проблемалар», «Теміржол және автомобиль көлігінде жүру жолындағы техника қауіпсіздігі», «Әскерге шақырылушылармен жол жүру кезінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру» және тағы да басқа маңызды көптеген өзекті тақырыптар талқыланды.

 

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті