Материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің мамандарымен оқу-жаттығу жиыны

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің мамандарымен оқу-жаттығу жиыны

52859 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің тыл қызметтерінің мамандарымен оқу-әдістемелік жиындар өткізілді.

Жиындарды өткізу барысында әскери мүлікті есептен шығару, сақтау, пайдалану және есепке алу тәртібі бойынша сабақтар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің базасында «Сақтау базаларында әскери техниканы сақтауды ұйымдастыру» тақырыбында көрнекті іс-шаралар өтті.

Оқу-әдістемелік жиындарды өткізу кезеңінде дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар қабылданды. Сабақтармен қатар «Пейнтбол» командалық - тактикалық ойыны және «КарЛаг» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына бару сияқты мәдени- сауықтыру шаралары өткізілді, шағын футбол мен волейболдан жолдастық турнир ұйымдастырылды.

52859 әскери бөлімі