
2023 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы жазғы кезең қорытындысы бойынша тексеруден өтті.
Қорытынды тексеруді Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің әскери бөлімдер басқармасының бастығы полковник Әрлен Бүркітбайдың төрағалығымен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінен құрылған комиссия құрамы жүргізді.
Қорытынды тексеру әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын шығарумен басталып, жеке құрамның саптық тексеруімен жалғасты.
Қорытынды тексеруді тапсыру кезінде әскери қызметшілер мемлекеттік-құқықтық дайындықтан және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларының талаптарын білуден тест тапсырды. Сонымен қатар дене дайындығы, құтқару, саптық, арнайы дайындықтан және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бойынша нормативтер тапсырды.
Сонымен қатар қорытынды тексеріс барысында шартты түрдегі төтенше жағдай орнына шығумен әскери бөлім жеке құрамының жауынгерлік әзірлігі тексерілді. Тексеру барысында бөлімнің әскери қызметшілері төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға және елді-мекендерге қажетті көмек көрсету бойынша өздерінің біліктілігін көрсетті (зардап шеккен адамдарға шатырлы лагерь құрды, қираған үйінділердің астында қалған зардап шегушілерді іздестіру иттерінің көмегімен тауып, оларға алғашқы көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды).
Жазғы оқу кезеңі үшін тапсырылған қорытынды тексерудің негізгі мақсаты әр офицер мен келісімшарт әскери қызметшінің кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттерімен қоса, олардың білімдері мен біліктіліктерін, дене даярлығы мен басқа да іскери қабілеттерін анықтау болып табылды.
ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі