Кәсіби және арнайы даярлықты жоғарылату, сондай-ақ далалық дағдыларды жетілдіру мақсатында Кеңес Одағының батыры Б. Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің базасында оқу-әдістемелік жиыны басталды.
Жиынға азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің рота командирлері және взвод командирлері буынындағы әскери қызметшілері, сонымен қатар Малика Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 2 және 3-курс студенттері қатысты.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті әскери бөлімдер басқармасының бастығы полковник Бүркітбай Әрлен Бүркітбайұлы оқу-әдістемелік жиынның жетекшісі болып табылады.
Оқу-әдістемелік жиын 2023 жылғы 2-12 қазан аралығында 28237 әскери бөлімінің базасында және «Жартасты қала - Астана» оқу-жаттығу полигонында өтетін болады.
Жиын барысында қатысушылармен шет елдегі тәжірибені ескерумен апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша теориялық және тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтаумен сабақтар өткізіледі.
ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі тәрбие бөлімшесі