
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінде әскери бөлімнің құрылған күніне орай волейболдан турнир өтті. Бұл күні бүкіл жеке құрам жеңіске жету және спорттық шеберліктерін көрсету үшін жиналды.
Бірінші орынды құтқару ротасы иеленді, ал олардың командирі, аға лейтенант Жеңіс Исманғали керемет шеберлік пен командалық рухты көрсеткен турнирдің үздік ойыншысы ретінде грамотамен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар бізге бірігуге, спорттық жетістіктерді көрсетуге және басқа бөлімшелердегі әріптестермен достық қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі.
Спорт-бұл физикалық белсенділік қана емес, сонымен қатар команданың рухы, ерік-жігері және жеңіске деген ұмтылысы!
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі