68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Бекет-2023» оқу-жаттығуына қатысты

68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Бекет-2023»  оқу-жаттығуына қатысты

2023 жылғы 5 сәуірде Семей қаласында оқу полигонында «Бекет-2023» ведомствоаралық оқу-жаттығуы өтті.

Іс-шараның мақсаты-аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру.

Оқу әртүрлі қиындық элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша  жақын болды.

Оқу-жаттығу барысында Абай облысының ТЖ департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, лагерь өрістетілді, шартты босқындарды қабылдау іс жүзінде пысықталды.

Оқу-жаттығу кезінде әскери бөлімнің жеке құрамы басқа күштік құрылымдармен өзара іс-қимылда үйлесімді әрекет етіп, қойылған міндетті бірыңғай қолбасшылықпен орындады.

 

 

ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі