Абай облысы ТЖД жеке құрамын шұғыл әрекет етуге дайындығын тексеру

Абай облысы ТЖД жеке құрамын шұғыл әрекет етуге дайындығын тексеру

Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Абай облысы ТЖ департаменті, ведомстволық бағынысты бөлімшелер және 68303 әскери бөлімі қызметкерлерінің жауынгерлік әзірлігін тексерді.

Алдағы оқу-жаттығуға дайындық аясында 2023 жылғы 4 қыркүйекте сағат 6.30-да Абай облысы гарнизонының жеке құрамы «Жиын» дабылы бойынша жедел көтерілді.

Жиын барысында күштер мен құралдардың дайындығы, жеке құрамды уақтылы хабардар ету, дабыл сөмкелерінің жинақталуы, қызметтік құжаттардың болуы, нысанды киім-кешектің белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді, сондай-ақ өңір аумағында табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайларды жоюға шұғыл әрекет ету талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс нұсқаулық жүргізілді.

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті