Жыл сайынғы «РХБҚ-2023» Ведомствоаралық республикалық оқу-әдістемелік далалық жиын аяқталды

Жыл сайынғы «РХБҚ-2023» Ведомствоаралық республикалық оқу-әдістемелік далалық жиын аяқталды

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің мамандарын кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ҚР Қорғанысминінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының полигоны базасында 2023 жылғы 31 шілде мен 11 тамыз аралығында «РХБЗ-2023» ведомствоаралық республикалық оқу-әдістемелік далалық жиындар өткізілді.

Жиынға ТЖ министрлігінің (34 адам), Қорғаныс министрлігінің (80 адам) және Ұлттық ұланның (70 адам) әскери қызметшілері қатысты.

Ағымдағы жылы оқу-әдістемелік далалық жиындар алғаш рет үш тараптың қатысуымен өтті. Алдыңғы жылдары осындай жиындар Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қатысуымен өткізілетін.

ТЖМ мамандары оқу-әдістемелік далалық жиындарда РХБ жағдайын анықтау және бағалау, жеке құрам мен техниканы РХБ зақымданудан қорғауды қамтамасыз ету, қауіпті объектілердегі РХБ аварияларының (қирауларының) салдарын жою бойынша және т.б. іс-қимылдарды жетілдірді.

Далалық жиындардың соңғы кезеңінде ТЖМ, Қорғанысмині және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында РХБҚ эстафетасы түріндегі кедергілер жолағын өту бойынша жарыс ұйымдастырылды (эстафетаның жалпы ұзындығы – 2,5 км.), онда ТЖМ командасы I орын алды (Эстафета 8 кезеңнен тұрды: зардап шеккен адамды жұқтыру аймағынан эвакуациялау, тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдарын кию, арнайы 4 жұмыс орнына арналған АРС техникасы, АРС арнайы техникасын орау; ДК-4 дайындау, ВПХР және ДП-5 аспаптарымен барлау жүргізу, КПО аспаптарымен және МК-3 аспаптарымен метеорологиялық деректермен топырақ пен ауа сынамаларын алу).

Сонымен қатар, спорттық-бұқаралық іс-шаралар (футбол) өткізілді, онда ТЖМ командасы тағы да I орын алды.

Жалпы, оқу-әдістемелік далалық жиындардың мақсаттарына қол жеткізілді. Жиын қорытындысы бойынша ТЖМ мамандары кәсіби қызметте пайдалы болатын құнды дағдылар мен білім алды.

 

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті