
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын мемлекеттік бақылау басқармасымен ағымдағы жылғы 31 шілдеде «Instagram» әлеуметтік желінде азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бағылауға жататын кәсіпкерлік субъектілерімен тікелей эфир өткізілді.
Онлайн кездесу барысында азаматтық қорғаныс саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптары, мемлекеттік бақылауды сақтау және жүзеге асыру тәртібі, тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті және субъективті критерийлері, профилактикалық бақылау тізіміне субъектілерді қосу алгоритмі, әкімшілік өндірістің белгіленген талаптары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика бойынша өткізілетін іс-шаралар түсіндірілді.
«Сұрақ-жауап» форматында Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес қолданыстағы мораторий кезеңінде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тәртібі түсіндірілді.
Тікелей эфир 3471 рет қаралды.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті