
Жазғы кезеңде Төтенше жағдайлар министрлігінің басты міндеттерінің бірі еліміздің су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп «Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» күн тәртібімен брифинг ұйымдастырылды.
Брифинг барысында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Ұ.Т. Әбікеев жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар бойынша ақпаратты жеткізді, суға батқандар бойынша статистикалық деректерді келтірді, судың жанында болған кездегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды, сондай-ақ журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті