Адамдар суға батып жатыр

Адамдар суға батып жатыр

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 141 адам суға батып кетті, оның 39-ы балалар. Бұл деректер өткен жылғы көрсеткіштерден төмен, алайда бұл тек статистика. Әрбір үзілген адам өмірі оның жақындары үшін орны толмас қайғы екенін ұмытпауымыз керек. Балалардың суға батуы, оның ішінде балалардың топтасып суға бату жайттары, кез-келген бей-жай қарамайтын адамның жүрегін еріксіз қынжылтады.

Шомылу маусымының жартысы ғана өткенін ескеру қажет. Ыстық күндер әлі алда. Шомылу маусымының соңына дейін тағы қанша адамның өмірі үзілетінін елестету қиын.

Осыған байланысты, еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерін барынша азайту мақсатында судың жанында болған кезде қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау қажеттігін тынымсыз еске саламыз.

Олардың негізгілері:

- тек рұқсат етілген (жабдықталған) жерлерде шомылу;

- суға шомылуға тыйым салынған жерлерге кіруге қатаң тыйым салынады;

- су маңындағы демалыста алкогольді, есірткі заттарын пайдаланбау;

- қалқымалардан асып жүзбеу;

- жартастардан, шатқалдардан және осы мақсаттарға арналмаған басқа жерлерден суға секірмеу;

- су көліктеріне жақын жүзуге болмайды;

- дабыл туралы жалған дыбыстар шығармау;

- және ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмау.

Барлық азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының өміріне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтаңыз.

Сонда ғана біз ондаған, жүздеген адамдардың өмірін сақтай аламыз, оларды әр қайсысын үйлерінде жақындары күтеді.

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті