
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер Комитетінің (бұдан әрі - АҚжӘБ) қызметкерлері ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «Қазақстан инжиниринг R&D орталығы» ЖШС алаңында «Шынжыр табанды жүрісте көпфункционалды автономды пилотсыз жер үсті аппаратын әзірлеу» тақырыбы бойынша жұмыс кеңесіне қатысты.
Кеңес барысында жоба өкілі осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық нәтижелері туралы баяндама жасады, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҚК орталық мемлекеттік органдарының пилотсыз жер үсті аппаратын өзекті қолдану жөніндегі өкілдері баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша АҚжӘБ қызметкерлері құтқарушылар үшін қауіпті жерлерде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті модульдермен қосымша жарақтандыру жөнінде ұсыныстар енгізді.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті