Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезіндегі эвакуациялық іс-шаралардың негізгі ұғымдары

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезіндегі эвакуациялық іс-шаралардың негізгі ұғымдары

Эвакуациялық іс-шаралар деп төтенше жағдайдың туындау қаупі бар аумақтан қауіпсіз аудандарға халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды көшіру жөніндегі ұйымдастырылған іс-қимылдар түсініледі.

Халықты эвакуациялау – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай немесе ықтимал ТЖ аймақтарынан халықты ұйымдасқан түрде әкету және шығару және оны бірінші кезектегі тіршілікті қамтамасыз ету шарттары бойынша алдын ала дайындалған орындарда-қауіпсіз орындарға қысқа мерзімді орналастыру жөніндегі іс-шаралар кешені. Эвакуация эвакуациялауға жататын барлық халық ТЖ көзіне зақым келтіретін факторлардың әсер ету аймағының шекарасынан қауіпсіз орындарға көшірілгенде немесе шығарылғанда аяқталды деп есептеледі. Эвакуациялауды жүргізу ерекшеліктері ТЖ көзінің сипатымен, химиялық ластанумен немесе жер бедерінің радиоактивті ластануымен, ТЖ көзінің зақымдаушы факторларының әсер етуінің кеңістіктік-уақыттық сипаттамасымен, көшірілетін (шығарылатын) халықтың санымен және қамтылуымен, эвакуациялық шаралардың жүргізілу уақыты мен жеделдігімен айқындалады.

Эвакуациялық іс-шараларды өткізу бойынша жинақталған тәжірибе нормативтік құқықтық актілердің ТЖ туындаған кезде халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды эвакуациялауды жоспарлауға, ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын негізгі талаптарды тұжырымдауға және негіздеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық органдары еліміздің барлық өңірлерінде халықты ең төменгі қажеттіліктермен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар жинау және қабылдау эвакуациялық пункттерін құрды.

Бейбіт уақытта эвакуациялық іс-шаралар жоспарда көзделген аумақтық-өндірістік қағидат бойынша төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар (ҚР ПП 16.08.2017 ж. №486).

Соғыс уақытында эвакуациялық іс-шаралар аумақтық-өндірістік қағидат бойынша азаматтық қорғаныс жоспарларында көзделген.

Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде адамдар көп жиналатын объектілерде халықты ғимараттардан эвакуациялау жоспарлары құрылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды эвакуациялауды жоспарлауды және жүргізуді тікелей жүзеге асыру үшін эвакуациялық органдар орталық және жергілікті атқарушы оргнадарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда құрылады.

Эвакуациялық комиссиялардың төрағалары болып орталық (жергілікті) атқарушы органның, азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымның басшысының орынбасарларының бірі тағайындалады, өз кезегінде олар эвакуациялық іс - шараларды алдын ала жоспарлауды жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық комиссияларының отырыстары жылына екі рет өткізіледі, онда мынадай ең өзекті мәселелер қарастырылады:

- қар кептелісі кезінде халықты қысқы кезеңде жылыту және уақытша орналастыру пункттеріне эвакуациялау;

- су тасқыны кезеңінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- эвакуацияланатын халық үшін тауарлық-материалдық құндылықтар қорларының резервтерін құру және т.б.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары жүргізетін эвакуациялық іс-шаралардың ауқымын ашатын мысалдар ретінде 2019 жылғы маусымда оқ-дәрілер қоймасының жарылуы салдарынан Арыс қаласында (Түркістан облысы) эвакуацияланған азаматтардың саны мыңдаған болған, 2022 жылғы қыркүйекте Қостанай облысында өрттер (ТЖ аймағынан 1800-ден астам адам шығарылды) және 2023 жылдың наурыз айында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы су тасқыны (900-ге жуық адам эвакуацияланды).

Эвакуациялық пункттердің орналасқан жерлері туралы ақпараттандыру мақсатында мобильді қосымшалар базасында (2ГИС, SmartQyzylorda) эвакуациялық пункттердің орналасқан жерлері интеграцияланған.

Бүгінгі таңда «Darmen» мобильді қосымшасында эвакуация пункттерінің орналасқан жерлерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің сайттарында жадынамалар, брошюралар және басқа да материалдар орналастырылады.

Халықты эвакуациялау кезіндегі мінез-құлық қағидалары ақпараттандыру, білімді насихаттау, халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды оқыту шеңберінде жеткізіледі.

Жыл басынан бері ұйымдарда 12 954 сейсмикалық жаттығулар және өрт кезінде 17 975 эвакуациялық жаттығулар өткізілді.

Бұдан басқа, халықты, материалдық және мәдени құндылықтарды эвакуациялаудың практикалық іс-әрекеттері Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларда жетілдірілуде.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті