
«Абай облысындағы су айдындарының басым бөлігі шомылу үшін қауіпсіз емес. Абай облысы бойынша тек 8 рұқсат етілген орын анықталды, оның ішінде 4 коммуналдық жағажай Семей қаласында, Алакөл және Шошқалы көлінде. Әрине, бұл жергілікті тұрғындар мен туристер үшін жеткіліксіз», - деп Абай облысының тұрғындарымен кездесуде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.
Осыған байланысты Сырым Шәріпханов жергілікті атқарушы органдардың назарын шомылу үшін қауіпсіз орындарды ұлғайту, оның ішінде баламалы стационарлық бассейндерді (қаңқалы) қарастыру қажеттігіне аударды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі