Азаматтық қорғаныс мүлкі

Азаматтық қорғаныс мүлкі

Азаматтық қорғаныс мүлкі халықты қорғауға және азаматтық қорғау күштерінің бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындығын қамтамасыз етуге арналған.

Азаматтық қорғаныс мүлкіне: жеке қорғау құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметриялық бақылау құралдары, жеке медициналық қорғау құралдары, байланыс және хабарлау құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.

Жеке қорғау құралдары - адамды қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғауға, адамдарға қоршаған ортаның қауіпті және зиянды факторларының, сондай-ақ зақымдаушы факторлардың әсерін жоюға немесе азайтуға арналған бұйымдар.

Медициналық жеке қорғау құралдары - бұл зақымданудың алдын алу немесе әсер ететін факторлардың әсерін азайту және асқынулардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайларда қолдануға арналған медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар.

Радиациялық және химиялық барлау, дозиметриялық бақылау аспаптары - радиациялық ластану деңгейін және жергілікті жердің, құрылыстардың, жабдықтардың, көліктің және басқа да объектілердің улы және күшті әсер ететін заттарымен жұқтыру дәрежесін анықтауға арналған аспаптар.

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық қорғаныс мүлкін құруды, жинақтауды және уақтылы жаңартуды орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар жүргізеді.

Жергілікті атқарушы органдар ықтимал химиялық, радиациялық және биологиялық ластану аумағына жататын халық үшін азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтауды жүргізеді.

Орталық атқарушы органдар мен азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар жұмысшыларды қорғау және азаматтық қорғау құралымдарын жарақтандыру үшін азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтауды жүргізеді.