Қауіпсіз балалық шақ

Қауіпсіз балалық шақ

Азаматтар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті түрлі іс-шараларды, оның ішінде азаматтық қорғау саласында насихаттау мен оқытуды ұйымдастырады және өткізеді. Бұл жағдайда балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.

Мәселен, ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының әскери қызметшілерімен «Қазақстан РТРК» АҚ-мен «Бақытты балалық шақ» қауіпсіздік мектебінің тұжырымдамаларына қол қою бойынша жұмыс жүргізілді. Тұжырымдама аясында радиоарнада «Қауіпсіз балалық шақ» атты балалар айдары іске қосылды.

Бұл тұжырымдаманың мақсаты балаларда ұжымдық және дербес құтқару, түрлі төтенше жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бұл іс-шара ақпарат беру сапасын және қамту санын жақсартты.

 

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті