
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 2 қазандағы бұйрығына сәйкес Қазақстан Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде азаматтық қорғау кафедрасы құрылды.
Университет магистратура бағдарламалары бойынша стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық басқару буынының әскери кадрларын даярлайды.
Ағымдағы жылдың 5 маусымында Университет қабырғасында магистрлік диссертациялар - азаматтық қорғау кафедрасының алғашқы магистранттары қорғалды.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдерінің азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының басшылығымен университеттің азаматтық қорғау кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кірді. Бітіру біліктілік жұмыстарының өзектілігі мен практикалық маңыздылығы туралы ТЖМ әскери бөлімдерінің рецензенттері сөз сөйледі.
Биыл Университет магистранттарының ТЖМ үшін бітіруі ерекше, себебі бұл жаңадан құрылған азаматтық қорғау кафедрасының алғашқы шығарылымы. ТЖМ бөлімшелері үшін университетте барлығы жеті магистрант оқудан өтті. Түлектер жауынгерлік және кәсіби дайындықта тамаша нәтижелер көрсетеді.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті