Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тиімді есепке алуды жүргізу мақсатында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы №265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.
Сонымен қатар, осы Қағидалар «Құқықтық кадастрдан ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №131 бұйрығының талаптарын ескере отырып өзектендірілді.
Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың жобасымен Азаматтарға арналған электрондық үкімет сайтының Ашық НҚА порталында танысуға болады.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті