«Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» Халықаралық форумы

«Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» Халықаралық форумы

2023 жылдың 29 мамырында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің өкілдері «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық формасына қатысты, форум «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС ғимаратында өтті.

Форумның мақсаты Covid-19 короновирустық инфекция мысалында пандемиялық қатерлерді кешенді жеңу жөніндегі шаралардың институционалдық жадын сақтау, пандемия кезеңінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік және өзге де органдар мен ғылыми ұйымдардың тиімді қызметін популизациялау.

Халықаралық форумда Премьер-Министрдің орынбасары (А.С. Күлгінов), Парламент депутаттары, Денсаулық сақтау министрлігі және тағыда басқалар сөз сөйледі. Аталған форумға Түркия, Австрия және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық ұйымдары шақырылды.

Форум барысында Covid-19 пандемиясымен күрестегі Қазақстан Республикасының тәжірибесі, биологиялық қауіптердің алдын алу мен болжаудағы тетіктері мен стратегиялары, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Covid-19 қарсы жаңа препараттар мен құралдарды әзірлеу жөніндегі озық технологиялар талқыланды.

ТЖМ короновирустық инфекцияның пайда болу кезеңінде басқа уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жедел штаб ашты, адамдар көп жиналатын аулаларға, көшелер мен объектілерге дезинфекция жүргізді, халықты ақпараттық хабардар етуді ұйымдастырды және блокпосттарда (төтенше жағдай, локдаун кезеңінде) жылыту пункттерін қойғанын айта кету керек.

 

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс

және әскери бөлімдер комитеті