Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының 18-тармағында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу көзделген.
Заң жобасын әзірлеу шеңберінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне азаматтық қорғаныс саласында толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Заң жобасында орталық атқарушы органдар үшін басқару пункттерін, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары мен мүлкін құру, халықты оқыту және насихаттау жөніндегі іс-шараларды жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласындағы арнайы терминдердің бірқатар анықтамаларын енгізу көзделген, бұл құқықтық олқылықтың орнын толтыруға және азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу кезінде қосарланған түсінуді болдырмауға мүмкіндік береді.
Бүгін Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарының, орталық және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс кеңесі барысында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының орынбасары полковник А.С. Советов азаматтық қорғаныс саласындағы толықтырулар мен өзгерістердің жобасын ұсынды.
Бүгін Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарының, орталық және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс кеңесі барысында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Төрағасының орынбасары және басқарма бастықтары азаматтық қорғаныс саласындағы толықтырулар мен өзгерістердің жобасын ұсынды.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті