Химиялық қорғау бойынша қызметті жетілдіру

Химиялық қорғау бойынша қызметті жетілдіру

Халықты қорғау және химиялық қауіпті объектілердегі аварияларға жедел ден қою саласындағы қызметті жетілдіру мақсатында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетімен «Химиялық ластану аумақтарын анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдары» әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №266 бұйрығымен бекітілді.

Осы әдістемелік ұсынымдар қауіпті өндірістік объектілерде авария және күшті әсер ететін улы заттардың (бұдан әрі – КӘУЗ) шығарылуы кезінде ықтимал химиялық ластану аумақтарын, химиялық жағдайды болжауды және бағалауды анықтайды. Әдістемелік ұсынымдар газ тәріздес, бу немесе аэрозольдік күйдегі ҚӘУЗ -дің атмосфераға шығарындылары жағдайына қолданылады.