28237 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Азия чемпионы атанды

28237 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Азия чемпионы атанды

 Қырғызстан елінің астанасы Бішкек қаласында гір тасын көтеру спортынан Азия чемпионаты мен біріншілігі өтті. Қазақстан құрама командасының құрамына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің даңқты қолбасшысы Б.Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшісі лейтенант Климачев Святослав Александрович жарыстың екі түрі бойынша 73 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті және «Қоссайыс» бойынша «Жұлқи көтеру» жаттығуында жүлделі бірінші орынға ие болып, Азия чемпионы атанды және алтын медальға ие болды. Жарысқа әлемнің 15 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты, онда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2 орынға ие болды. Лейтенант С.Климачев өз сөзінде: «Мен үшін Қазақстан мемлекетінің намысын қорғау үлкен мәртебе, әрі мақтаныш. Өзге елде жарысқа қатыса отырып, мен әлемге Қазақстан құтқарушыларының мықтылығын дәлелдегім келді. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қорғау мүддесінде өзімнің Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарындағы қызметімді абырой тұтамын және жеңісімді Қазақстан халқына арнаймын! - деді.

Лейтенант Святослав Климачев гір спорты бойынша спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері болып табылады, 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімінде іздеу взводының командирі лауазымында қызмет етеді.

 

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі