
26 сәуір – Чернобыль апатын еске алу күні.
Бүгін ең ірі техногендік апаттардың бірі – Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 37 жыл толды. Бұл күні бүкіл әлем Чернобыль апатының құрбандары мен ауыр зардаптарын еске алады. 2004 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қолдауымен әлем жұртшылығы 26 сәуірді Халықаралық радиациялық апаттар мен авариялардың құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтеді.
Апат салдарынан Беларусь, Украина, Ресейдің еуропалық бөлігі, сондай-ақ Еуропаның 17 елінің аумақтары радиоактивті ластануға ұшырады.
Апаттың зардаптарын жоюға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен күштер жіберілді. Миллиондаған адамдар радиацияға ұшырады. Жүздеген мың адам қатты ластанған аудандардағы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Чернобыль апатының 37 жылдығында біз апаттың ең ауыр зардаптарын жоюға қорықпай атсалысқан жоюшылардың ерлігіне тағзым етеміз.
68303 әскери бөлімі Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушылардың барлығына ерлігі, табандылығы мен жанқиярлығы үшін зор алғысын білдіреді.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі