Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде оқытудан өтті

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде оқытудан өтті

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл шеңберінде және теориялық білім мен практикалық дағдыларды арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 17-27 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында аумақтардың Төтенше жағдайлар департаменттері азаматтық қорғаныс басқармаларының, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің офицерлерін және жедел – құтқару жасақтарының мамандарын «Радиациялық, химиялық қорғау және азаматтық қорғау мамандарымен курстық даярлық» санаты бойынша оқыту жүргізілуде (30 қызметкер).

Курстар бағдарламасына сәйкес теориялық, практикалық және дербес сабақтар өткізумен 72 сағаттық оқыту қарастырылған.

Оқу процесі тыңдаушыларға радиациялық, химиялық, медициналық-биологиялық қорғау негіздерін айқындайтын басшылық құжаттардың талаптары, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар кезінде халықты қорғау технологияларының ережелері, қорғау құралдары, басшылықты жүзеге асыру, шешімдер қабылдау және халықты және аумақты қорғау жөніндегі қажетті іс-шараларды практикалық орындау бойынша негізгі іс-шараларды зерделеуге және игеруге мүмкіндік береді.

Оқыту шеңберінде тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдарын, радиациялық, химиялық барлау құралдарын (нормативтерді орындай отырып) қолдануды практикалық пысықтай отырып, қазіргі заманғы жеке қорғаныс құралдарын, радиациялық және химиялық барлау аспаптарын көрсету және зерделеу көзделген.

Оқыту азаматтық қорғау, жалпы техникалық, әскери-арнайы пәндер саласындағы нормативтік құқықтық актілерге негізделеді және тыңдаушылардың радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау саласындағы білімдері мен дағдыларын кеңейтуге ықпал етеді, олар кейіннен қызметте қолданылатын болады.