Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

2023 жылдың 20 сәуірінде  Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік инспекторлармен семинар-кеңес аясында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс  және әскери бөлімдер комитетімен семинарға қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі А. К. Кенебаевамен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу шеңберінде Агенттік өкілі сыбайлас жемқорлық туралы құқық бұзушылық жайлы хабарлаған адамдарды қорғау, сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталған кезде мемлекеттік қызметшінің іс-қимыл тәртібі және т.б. бөлігінде ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты ақпарат жеткізді. Сонымен қатар, Кенжебаева А.К. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық ықпал ету шаралары айтылды. Кездесу аясында семинарға қатысушылар агенттік өкіліне түрлі сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс  және әскери бөлімдер комитеті