
Астана қаласы ТЖ департаментінің базасында ағымдағы жылдың 17 сәуірінде ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Ұ.Т. Әбікеев азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік инспекторлармен семинар-кеңес ашты.
Семинар-кеңес бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылдың 17-21 сәуір аралығында еліміздің барлық өңірлерінен келген мемлекеттік инспекторлар проблемалық мәселелерді шешу үшін ұсыныстар әзірлей отырып, мемлекеттік бақылау мәселесінде тәжірибе алмасатын болады.
Іс-шара шеңберінде Астана қаласының бақылауындағы субъектілерінде практикалық сабақтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлерімен сабақтар өткізу жоспарланған.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті