52859 әскери бөлімінде жарыс өтті

52859 әскери бөлімінде жарыс өтті

2023 жылғы 12 сәуірде  52859 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында әскери бөлім бөлімшелерінің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері арасында құтқару көпсайысы бойынша жарыс өтті.

Жарыс табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тән табиғи және жасанды кедергілерден тұратын қашықтықтан тұрды. Шартты түрде зардап шеккендерді іздеу бойынша арнайы тапсырмаларды орындау, оларды авариялық-құтқару құралдары мен штаттық жабдықтарды пайдалана отырып бұғаттан шығару, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету және тасымалдау болды. Жарыс өте тартысты, әрі қызықты өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша1 құтқару батальонының құтқару ротасы командасы 3-ші жүлделі орынды, 2 құтқару батальоны құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету ротасының командасы 2-ші орынды және іздеу взводының және коменданттық взводтың құрама командасы 1-ші орынды иеленді.Әскери бөлім командирі подполковник Жанат Омаров жеңімпаздар мен жүлдегерлерді кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапаттады.

 

52859 әскери бөлімі