68303 әскери бөлімінде жеке құрамның жазғы киім нысанына ауысуы бойынша саптық тексеріс өткізілді

68303 әскери бөлімінде жеке құрамның жазғы киім нысанына ауысуы бойынша саптық тексеріс өткізілді

Бүгін, бөлімшелердің саптық дағдылары мен үйлесімділік дәрежесін айқындау мақсатында, сондай-ақ жазғы киім нысанына көшуге байланысты ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің саптық алаңында бөлімнің барлық жеке құрамының саптық байқауы өткізілді.

Бөлім қолбасшылығы, сондай-ақ басқарма офицерлері жеке құрамда қызметтік куәліктер мен жеке жетондардың болуын, олардағы лауазымдар мен атақтардың сәйкестігін, сондай-ақ жазғы уақыт кезеңіне сәйкес нысанды киімнің сыртқы түрі мен жай-күйін тексерді.

 

68303 әскери бөлімі