
Бүгін 52859 әскери бөлімінің саптық шеру алаңында әскери құрамалардың нысанды киім киюдің жазғы кезеңіне өтуіне орайластырылған полктің саптық байқауы өтті.
52859 әскери бөлімінің командирі подполковник Жанат Омаров офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және мерзімді әскери қызметшілердің жазғы кезеңге дайындығын жеке өзі тексерді.
Жеке құрамның бас киімі, аяқ киімі, сондай-ақ саптық қараудың басқа да элементтері тексерілді.
52859 әскери бөлімі