28237 әскери бөлімінде жеке құрамның жазғы киім нысанына ауысуы бойынша саптық тексеріс өткізілді

28237 әскери бөлімінде жеке құрамның жазғы киім нысанына ауысуы бойынша саптық тексеріс өткізілді

Жазғы киім кию нысанына ұйымдасқан түрде ауысуды қамтамасыз ету, саптық жаттығу дағдыларын, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті жетілдіру, сонымен қатар азаматтық қорғаныс органдары әскери қызметшілерінің үлгілі сыртқы келбетін сақтау мақсатында 2023 жылдың 11 сәуірінде Кеңес Одағының батыры Б. Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде жеке құрамның жазғы киім нысанына ауысуы бойынша саптық тексеріс өткізілді.

Саптық тексеріс әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтере отырып, Мемлекеттік гимнді орындаудан басталды. Ары қарай бөлім қолбасшылығымен жеке құрамның сыртқы келбеті мен жеке құжаттары, сонымен қатар саптық дайындығы тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша бөлімнің әскери қызметшілері жазғы киім кию нысанына ауысуға толық әзірлігін көрсетті.

Саптық тексеріс әскери бөлімнің саптық алаңында салтанатты маршпен жүріп өтумен аяқталды.     

 

 

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі